Jer adaldyq alańy

Jer adaldyq alańy

2021 жылғы 05 мамырда "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ жанында "Jer adaldyq alańy"жобалық кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен және Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп әзірленді.
Ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі Анжела Әлжанова, Қостанай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Әлия Исмағамбетова, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің парасаттылық бөлімінің басшысы Рүстем Болат қатысты.
Кеңсенің ашылуы "халық үніне құлақ асатын мемлекет"функциясын іске асыруға бағытталған. Жер заңнамасы саласындағы тексеру іс-шаралары мәселелері бойынша құқықтық кеңес алуға ниет білдіргендердің барлығын қуана қарсы аламыз.