Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар.

Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар.
 
 

Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру тәртібі

      Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдау басталғанға дейін алдын ала (кемінде 2 (екі) жұмыс күні, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) аумақтық бөлімшенің кеңсесі не портал арқылы экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беруге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және № 1-стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.

       Аумақтық бөлімше кеңсесінің маманы келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде өтінішті және № 1-стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды анықтау үшін аумақтық бөлімшенің басшысына жолдайды.

      Аумақтық бөлімшенің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі болып табылады.

       Көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық сертификат алу үшін портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

       Ветеринариялық сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі.

       Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өнімге ветеринариялық сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күні беріледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "e-Agrіculture" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда) не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы (портал арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда) немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" (портал арқылы жүгінген жағдайда) жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

       1) өтініште көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға (бұдан әрі – Ветеринариялық-санитариялық қағидалар), Еуразиялық экономикалық одақ кКомиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарынан ерекшеленетін екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе ветеринариялық-санитариялық талаптарға (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларға ветеринариялық-санитариялық талаптарға (бұдан әрі – Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) және Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) сәйкестігіне тексереді;

       2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық сертификатты беру журналына деректерді енгізеді;

       3) Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкету кезінде үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде экспорттаушы елде қабылданған талаптар мен қағидаларға сәйкестігін тексеруді және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалауды жүргізеді.

       4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық сертификат – ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе осы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді;

      5) дайындалған ветеринариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің кеңсесіне береді.

      Аумақтық бөлімшенің кеңсесі ветеринариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, ветеринариялық сертификаттың дайындығы туралы хабарлама не мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.

       Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысанына сәйкес № 4 нысан бойынша өтініш берген күні ресімделеді.

       Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ветеринариялық сертификат берілетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тізбесіне сәйкес осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық сертификат беріледі.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат 2010 жылғы 18 қарашадағы Кедендік одақ комиссиясының № 455 шешімімен бекітілген ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандары (бұдан әрі – Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандары) бойынша беріледі.

      Ветеринариялық сертификат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бекітілген Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Өңірлендіру қағидалар) cәйкес беріледі.

      Ветеринариялық сертификат:

      1) Өңірлендіру қағидаларына сәйкес саламатсыз және буферлік аймақтарда орналасқан компартменттерді қоспағанда, аталған аймақтардан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге;

      2) импорттаушы ел Қазақстан Республикасынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізген жағдайда берілмейді.

       Жануарларды 5 (бес) басқа дейінгі санда орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде олар туралы жазба жануардың лақап атын және жеке нөмірін, сондай-ақ жынысын, тұқымын, жасын көрсете отырып, тікелей ветеринариялық сертификатқа енгізіледі.

      Саны 5 (бес) бастан көп жануарларды орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде ветеринариялық сертификатқа сертификатты берген ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылған жануарлар туралы мәліметтерді көрсете отырып (жануардың түрі, жынысы, тұқымы, жасы, жеке нөмірі, таңбасы, лақап аты), жануарлар туралы тізімдеме қоса беріледі және жануарлардың тізімдемесі сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат экспорттаушы ел талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат бар болған кезде беріледі.

         Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден) Қазақстан Республикасына әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер және олардан өндірілген өнім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетілмейді.

       Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде өткізу пункттерінде ветеринариялық сертификатқа Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге және "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) сәйкес тиісті мөртабан қойылады.

      Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден келетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге соңғы межелі пунктіне дейін "Кіргізуге рұқсат" деген мөртабан қойылған экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты қолданылады.

      Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) әкелінетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер өткізу пункттерінде бақылау аяқталған соң межелі (жеткізу) орындарына жіберіледі, ол жерде экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық сертификатына қайта ресімделе отырып бақылау жүргізіледі.

      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті партиясын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден межелі орынға келген кезде анағұрлым ұсақ партияларға бөлген жағдайда, жаңа алушылар үшін ветеринариялық сертификаттардың көшірмелері ресімделеді, оларға (парақтың сыртқы бетінде) мынадай деректер енгізіледі: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және жаңа көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі, көлік құралының нөмірі, оған тиеп-артылған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер саны, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алушының атауы және орналасқан орны, қайта тиеу күні. Мәліметтер лауазымды адамның қол қоюымен және мөрімен куәландырылады. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы партияларды бөлуді жүргізген ұйымда сақталады.

     Етке, былғары-үлбір шикізатына ветеринариялық сертификат мемлекеттік ветеринариялық зертхананың сараптама актісінің (сынақ хаттамасы) негізінде олар таңбаланғаннан кейін ғана беріледі.

        Республика шегінен тыс шығарылатын етте, былғары-үлбір шикізатында таңбаның немесе мөртабанның айқын белгілері болмаса, оларды әкетуге берілген ветеринариялық сертификаттар жарамсыз болып есептеледі.

       Ветеринариялық сертификат беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы;

      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;

      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы;

      4) ветеринариялық сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

     5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің, көлік құралдарының, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

     6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық сертификат алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин

 аудандық аумақтық инспекциясы