Халық ақыны, Торғайдың топжарған ақыны атанған Нұрхан Ахметбековтің туғанына 120 жыл толуына орай мектебіміздің қобыз және хореография бөлімі ұстаздарының ұйымдастыруымен "Торғайдың топжарғаны Нұрхан ақын" атты тәрбие сағаты Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің залында өтті. Іс -шараның мақсаты: Тұғырлы талант иесі , арқалы ақын Н.Ахметбековтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.