«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы

           Жангелдин ауданы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізілген іс шаралармен  мемлекеттік мекемелер, ұйымдар арасында және еріктілер, жастар, ауыл тұрғындарын осы акциямен толықтай  ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

          Атап айтқанда,Жангелдин ауданы әкімдігі Таза Қазақстан акциясының 5 кезеңі («Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір» ) медиа-жоспарымен атқарылды.

         Экологиялық акцияға аудан және ауыл, ауылдық округ тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер қатары, білім және спорт бөлімі жастары қатысты. Қәзіргі таңда 2024 жылдың 1 маусымнан  Торғай ауылында «Жасыл ел» бағдарламасы өз жұмысына кірісіп, жас буын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді ат салысуда.

         Акцияны ақпараттық қолдауға банерлерлерге тапсырыс беріліп,  «Біздің Торғай» газеті және мемлекеттік мекеме, ведомствалық бағынысты ұйымдардың фейсбук және инстаграм әлеуметтік желі парақшалары жұмылдырылды.

         Бүгінгі таңда Жангелдин ауданы бойынша 35-40 тонна қоқыс шығарылып (ауыл ішіндегі бұзылған үйлерді сүруді қоспағанда), 1000-нан астам көшет түбтері отырғызылды, 4000-нан астам адам қатысты, 44 тарихи мәдени ескерткіштерде тазарту жұмыстары жүргізілді және аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен қоқыс шығару туралы тексеріс кезінде учаскелік полиция қызметкерлерімен 16 ескерту хаттамасы толтырылды.

         «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» кезеңі бойынша су тасқыны болып, өзен жағалауы су болуына байланысты кейінге қалдырылған еді, аудан бойынша 2024 жылдың 14 маусымында өзен жағалауларында тазалық жұмыстары жүргізілді.