"Ауылшаруашылығын дамыту жолы"

"Ауылшаруашылығын дамыту жолы"

Ел Президенті Қ.К.Тоқаев биылғы кезекті Жолдауында  маңызды мәселелер қатарында агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау туралы айтқаны біз үшін жақсы жаңалық болды. Ауылды жерде тұратын біздер үшін ауылшаруашылықты дамыту, көтеру өте маңызды. Халықтың басым бөлігі ауылда малмен күн көріп отыр, сондықтан ет,  сүт өнімдерін дайындайтын фермалар бізге де қажет.  Президент айтқандай салық  саясаты қайта қаралса, жеңілдіктер болса қарапайым халық қолда ұстап отырған малының өнімдерін өндеп, табыс көзіне айналдырары сөзсіз.  Сонымен қатар жолдауда көрсетілгендей, Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдессе мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға үлкен көмек болар еді.

         "Ауыл аманаты" бағдарламасы да халыққа едәуір көмек болды. Біздің ауылдан осы бағдарлама бойынша 4 адам құжат дайындап тапсырды, 4 адамның өтініші мақұлданып 17 200 000 теңге несие алды.

         Алдағы уақытта бұл бағдарлама тек несие берумен шектеліп қалмайды деді Президент, осы бағдарлама шеңберінде ауыл халқына басқада көмектер көрсетілсе ауылдан халық көшпейді деп ойлаймын.

         Ендігі жерде бүкіл ел болып Президентті алға қойған мақсаттарын орындаумыз керек.