1 НАУРЫЗДА ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР БҮКІЛӘЛЕМДІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІН АТАП ӨТЕДІ
ХҚҰ Бас Ассамблеясының IX қарарына сәйкес жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
1 наурыз күні кездейсоқ таңдалмаған,себебі дәл осы күні 18 мемлекет мақұлдаған ХҚҰ Жарғысы күшіне енген болатын.
- Әрбір азамат өзі тұратын, жұмыс істейтін және оқитын аумақтарда қандай төтенше жағдайлар туындауы мүмкін екенін және олар туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі керек. Өйткені, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының нәтижесі халықтың дұрыс әрекетіне байланысты. Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеу аясында 20 ақпан мен 15 наурыз аралығында Қостанай облысы ТЖД бөлімшелері оқушылар мен студенттерге кездесулер өткізеді,- деді ҚР ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының м.а Дмитрий ЧИЧЕНКОВ
Дәстүр бойынша іс-шаралар бір ай ішінде өткізіледі. 2024 жылы "Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар" атты тақырыппен өткізілетін болады.