ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ

Ертең мектептерде соңғы қоңырау соғылады, көптеген оқушылардың легі демалуға аттанады, олардың демалысы көңілді, пайдалы және ең бастысы қауіпсіз өтуі тиіс. Жазғы демалыс, суға шомылу маусымы және жазғы кезеңде балалардың демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыру құқықтық тәртіп сақшыларының тұрақты назарында.Сонымен қатар, демалыс кезеңінде көптеген балалар мен жасөспірімдер үйде қалады. Сондықтан ата-аналарға  балаларының, әсіресе жас балалардың ересектерсіз су қоймаларына жақындамауын қадағалауға бақылауды күшейту қажеттілігін ескертеміз. Әрбір ата-ана өз баласының қайда және немен айналысып жүргенін білуі тиіс. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты назарда!Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Осыған орай ауданымызда мектеп жанындағы алаңдардаоқушылардың жазғы демалыстарының өткізілуі жоспарлануда. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басым бағыты санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында инфекциялық аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу болып табылады. Лагерьдің жұмысқа дайындығы лагерьдің санитариялық ережелердің талаптарына сәйкестігімен, балалардың тұруына, тамақтануына, медициналық қызмет көрсетуіне оңтайлы жағдай жасауымен анықталады. Мектеп жанындағы жазғы лагерлер алаңдарындатөмендегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс:Таза әрі қауіпсіз орта (күнделікті тазалық жұмыстары); Балалардың күнделікті медициналық бақылаудан өтуі; Қол жуу орындарының жеткілікті болуы; Сапалы және теңгерімді тамақтану;Бөлмелердің жүйелі желдетілуі; Жеке гигиена талаптарын сақтау; Бұл талаптар балалардың денсаулығын қорғап, жазғы демалысты қауіпсіз әрі көңілді өткізуге мүмкіндік береді.Тазалық – денсаулық кепілі!.