
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Жангелдин ауданының тұрғындары!
📢 «Мерейлі отбасы–2026» жыл сайынғы ұлттық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады!
Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі (2021 жылғы 6 мамырдағы №306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы №904 өзгерістерімен).
Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін қалыптастыруға және отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Байқауға еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар қатыса алады.
Конкурс ережесіне сәйкес, отбасы құрамында бұрын сотталған мүшелері бар, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін немесе кірген тұлғалары бар отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Байқауға қатысуға өтінімдер Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгі бойынша қағаз немесе электрондық форматта аудандық комиссияға қабылданады. Қабылдаудың соңғы күні — 2026 жылғы 14 маусым.
Қажетті анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуларыңызға болады: Торғай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 4. «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, байланыс телефоны:
21-1-27.
Белсенді қатысуға шақырамыз. Дәл сіздің отбасыңыз жеңімпаз атануы мүмкін!