"Таза Қазақстан" Акциясы

"Таза Қазақстан" Акциясы

Таза Қазақстан – біздің ортақ жауапкершілігіміз!

              Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның облыс, қала, аудан, ауыл, ауылдық округтерінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы сәуір айында бастау алып, күні бүгінге дейін  аудан бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдар сенбілікті әр түрлі басқа форматта жүзеге асырып келеді.

            Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаралар легі өз жалғасын таппақ.

            Акция аясында Жангелдин ауданы бойынша  бірнеше жобалар жоспарланған:
-Елді мекендерде иесіз және жарамсыз үйінділермен үйлерді сүріп оларды ҚТҚ мекеніне шығару жұмыстарын жүргізу;
- Мекемелер арасында және үй тұрғындарының арасында тазалықты насихаттау негізінде «Таза аула, таза қала» акциясын ұйымдастыру;
- «Жасыл көше» акциясын көгалдандыру мақсатында ауыл тұрғындары арасында ұйымдастыру;
- «Таза Қазақстан-бізден басталады» ұранымен жастар және еріктілер арасында ақпараттық жұмыстарға ат салысуға шақыру.