Хабарландыру

Хабарландыру

Президенттік жастар кадр резерві — бұл Мемлекет басшысының дарынды жастарды қолдауға және олардың мансаптық өсуіне мүмкіндік беретін ашық бастамаларының бірі.

2025 жылы кезекті іріктеу кезеңі — Резерв 4.0 өтеді. Өтініштерді қабылдау мерзімі — ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін .

Іріктеуге келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

* жасы 35-тен аспауы керек;
* жоғары білімінің болуы қажет;
* мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес сертификатпен растай отырып меңгеруі тиіс;
* жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет.