«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Торғай ауылында плоггинг өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Торғай ауылында плоггинг өтті

2025 жылғы 15 мамырда  "Жангелдин ауданы Ішкі саясат бөлімі "ММ "Жастар ресурстық орталығы "КММ  ұйымдастыруымен  "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Торғай ауылында плоггинг шарасы өткізілді.  Аталған іс-шараға ауданның белсенді жастары мен ерікті азаматтары белсене қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. ұйымдастырылған іс шара ауыл кіре берісінде өткізілді.

Плоггинг — бұл жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық бастама. Қатысушылар таза ауада серуендей жүріп, аудан аумағындағы көшелер қоқыстан тазартты.

Шараның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара соңында қатысушыларға, марапат қағаздары табысталды.