2025 жылдың 30 сәуір күні Жангелдин ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Жәрмеңкеге аудан әкімі аппаратының, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, экономика, ауыл шаруашылығы, спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері және ХҚКО өкілдері қатысты. Қабылдаған азаматтар саны -17. Халық арасында жер учаскесін қалай алу, мүмкіндігі шектеулі жандардың санаторлы-курорттық емдеуге бару бойынша, эцқ үйде отырып алу сияқты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға әр сала қызметкерлері жеке түсінік беріп, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.