Еуропалық иммундау апталығы

Еуропалық иммундау апталығы

Ағымдағы жылдың 27 сәуірі мен 03 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Барлығын иммундау бұл адамның қолынан келеді!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізілуде. Осыған сәйкес негізгі хабарламаларға назар аударуларыңызды өтінеміз.

- «Әрбір доза  маңызға ие»;

- «Аурудың алдын алуда уақыт өте маңызды»;

- «Вакцинация туралы қажетті мәліметті білу»;

- «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыының құрлғанына 77 жыл!

Еуропалық иммундау апталығына орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған.

 Соның ішінде: Балаларды иммундау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді түсіндіру; барлық жалпы білім беретін мектептердегі медбикелерге  иммундауды насихаттау бойынша кездесу өткізуді ұйымдастыруға тапсырмалар беру. Ұлттық күнтізбеге сәйкес вакцинация туралы дәлелді ақпараттарды вакцина алмаған  отбасыларға түсіндіру. Олардың қатысумен жиналыс өткізу. Еуропалық иммундау апталығының негізгі тақырыбы қазір және болашақта аурудың өршуіне жол бермеу үшін барлық қауымдастықтарда вакцинациямен әділ қамтудың жоғары көрсеткіштеріне тезірек қол жеткізу қажеттілігі болмақ. Науқан вакциналар туралы және әр адамға иммундау арқылы денсаулықты қорғау шараларымен қамту қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпаратты таратады. Естеріңізге сала кетеміз, вакцинациялау шарасы туралы толыққанды ақпарат алу үшін 21-5-75 сенім телефоны жұмыс жасайды. Сенімдеріңізге рахмет.

 

Жангелдин аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы