«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 87 бұйрықтарына сай атқарылады. Дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың таралыуын болдырмау шараларының бірі. Залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды). Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу. Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткенінен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу. Тәсілдері. Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады. Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады. Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Дератизация - бұл кеміргіштерді жоюға, азайтуды алдын-алу және жою шараларының кешені. Бұл шаралар сұр егеуқұйрықтарды жоюға және олардың қоныстанған нысандарды босатуға бағытталған. Егеуқұйрықтар оба, құтыру, аусыл, күйдіргі, туляремия, лептоспироз, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және т.б. сияқты аса қауіпті аурулар қоздырғыштарының көзі және тасымалдаушысы болып табылады. Егеуқұйрықтар санының ұлғаю инфекциялардың таралуына арттырады. Олар жыл бойына көбейеді, әсіресе көктемде (наурыз-сәуір) және күзде (қыркүйек-қазан) олардың саны күрт өседі. Жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына жол бермеу үшін дератизация жүргізу қажет. Дератизация тәсілдері: балық аулауға арналған әртүрлі құрылғыларды (тұзақ, қақпан) пайдалану әдісі (физикалық немесе механикалық әдіс), кеміргіштерді аулауға арналған үй жануарларын (мысықтар, иттер, қоңыздар және т.б.) ұстау әдісі (биологиялық әдіс), уланған жемді орналастыру әдісі (химиялық әдіс). Дератизацияның химиялық әдісі - кеміргіштерді өлтірудің ең тиімді және кең таралған әдісі.
Дезинсекция (дез... және лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.)