
25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні. Науқанның мақсаты – халықтың инфекцияның таралу жолдары, оның салдары және денсаулықты сақтау жолдары туралы хабардарлығын арттыру. Безгек – тропикалық және субтропиктік климаты бар елдерде кең таралған ауыр жұқпалы ауру. Безгек қоздырғышының көзі ауру адам немесе паразит тасымалдаушысы болып табылады, ал тасымалдаушысы – Anopheles тұқымдасының масалары. Инфекция безгек масаларының шағуы, ауырған науқас донорынан қан құю, жатырда анадан ұрыққа берілуі мүмкін. Бүгінгі таңда безгектің 5 түрі бар: тропикалық, үшкүндік, төрткүндік, овале-безгек және Knowlesi-безгек. Тропикалық безгек - бұл аурудың адам үшін ең қауіпті түрі болып табылады, дәрігерге кеш қаралған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Паразиттер дамуының инкубациялық кезеңі жеті күннен үш жылға дейін созылады. Ауру қызбаның қайталануы түрінде ауыр түрде өтеді, температура 40 градусқа дейін көтеріледі және қатты қалтыраумен және қарқынды терлеумен бірге жүреді. Егер белгілі бір уақыттан кейін күн сайын қайталануы анық болса - безгекпен ықтимал ауру туралы ойлану керек. Ауруды болдырмаудың ең тиімді жолы – алдын алу. Сондықтан тропикалық елдерге баратын туристер безгектің дамуын болдырмау үшін тропикалық елдерге кетуден бір апта бұрын денені қорғауды қамтамасыз ететін безгекке қарсы препаратты үнемі қабылдауды бастау керек. Дәрі-дәрмекті таңдау тұрғылықты елге байланысты, ал оның дозасын дәрігер анықтайды. Безгек ауруы бойынша қолайсыз елдерде болған кезде сіз өзіңізді масалардың шағуынан қорғануыңыз керек. Тұрғын үй-жайлардағы есіктер мен терезе саңылаулары москит торларымен жабылуы керек. Бөлмеге масалардың кіруіне жол бермеу үшін, егер тор болмаса, түнде терезелер мен есіктерді жабу керек. Ұйықтар алдында шатырдың тұтастығын және оның ішінде маслардың жоқтығын тексеріңіз. Сонымен қатар: - маса шақпас үшін жеке қорғаныс құралдарын (спрейлер, кремдер, майлар, гельдер) - репелленттерді қолданыңыз, оларды дененің ашық жерлеріне жағу керек. Олармен киімдерді, москит торларын сіңдіруге болады;
- мүмкіндігінше денені жабатын киім киіңіз, әсіресе тропикалық ормандарда серуендеу кезінде. Безгек ауруы бойынша қолайсыз елден оралғаннан кейін 3 жыл ішінде дене қызуы көтерілген сайын дереу медициналық ұйымға хабарласып, тропикалық аймақта болғаныңызды дәрігерге хабарлау керек екенін есте ұстаған жөн.