Абайлаңыз сібір жарасы

Абайлаңыз сібір жарасы

Сібір жарасы - жануарлар мен адамдарда кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауру.Ауру қоздырғышы күйдіргі бацилласы болып табылады. Сібір күйдіргісі бацилласының споралары суда, топырақ қойнауында ұзақ жылдар бойы сақталынып, өмір сүре береді. Олар дезинфекциялық заттарға өте төзімді келеді. Споралары тері иленгеннен кейін де, етті тұздаған соң да тірі күйінде қала береді. Қой, ірі қара, жылқы - сібір жарасын ең жиі қабылдағыштар. Сондай-ақ, ешкі, есек, түйе, шошқа, сирек жағдайда ит, мысықта ауырады. Адамға ауру мал сойғанда, терісін сыпырғанда, етін жіліктегенде, ішек-қарын тазалауда жұғады. Сау малға қоздырғыштармен ластанған жемшөптен, ауру малдың нәжісімен, сілекейімен, сүтімен бірге сыртқы ортаға таралған бацилладан жұғады. Ауру, көбінесе, жазда кездеседі. Емі: ауру малды оқшаулап, басқа қораға қамайды, ауруға қарсы сарысу, гамма-глобулин, антибиотиктер егіледі. Аурудың алдын алу үшін жыл сайын барлық малға сібір жарасына қарсы вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин салып, қораны залалсыздандырады. Өлген малды өртеп, көміп тастайды. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. 12-1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасының алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшелері:  1) сібір жарасының эпизоотиялық ошақтарын, сібір жарасының топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып, анықтауға және тіркеуге, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылауға (қадағалауға);

      2) адамдар мен жануарлардың өтіп кетуіне жол бермейтін топырақтағы ошақтарды бүкіл периметрі бойынша биіктігі кемінде 1,5 метр қоршаулармен (метал немесе бетон) қоршауға. Топырақты ошақта "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалар болуы керек;

      3) ішкі сауда объектілерінде, кәсіпорындарда (импортқа және экспортқа байланыстыларды қоспағанда) өндіріс объектілерінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;