Биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы мен зияны

Биологиялық белсенді қоспалардың  пайдасы мен зияны

Тағамға ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар) – табиғи және (немесе) табиғи биологиялық белсенді қоспаларға ұқсас заттар, сондай-ақ тамақпен бір мезгілде тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған пробиотикалық микроорганизмдер.

(ББҚ) дегеніміз " жалпы қуаттандырушы, жұмсақ диуретикалық, сергітетін, тыныштандыратын және әртүрлі функционалды жағдайларда аурудың пайда болу қаупін азайтуға, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының микрофлорасын қалыпқа келтіруге" әсер ететін табиғи (немесе оған ұқсас) тағам. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) дәрі емес. Көптеген биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы мен зиянын АҚШ-тың денсаулық статистикасының ұлттық орталығы зерттеп, ББҚ қабылдау қоректік микроэлементтердің жетіспеушілігін толықтыратынын көрсеткен. Препараттардың әр түрі белгілі бір фармакологиялық қасиеттерге ие және адамның жүйелері мен мүшелеріне әсер етеді.  Биологиялық белсенді қоспалар ағзаның жеке функцияларына және оның жалпы жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мысалы, кальций мен D дәрумені сүйек күшін сақтау үшін маңызды. Дәрігерлер жүкті әйелдерге фолий қышқылын қабылдауды ұсынады, бұл ұрықтың өмірге қабілетсіздігіне әкеп соқтыратын даму ақауларының, мысалы, омыртқа, аненцефалия, жүрек ақауларыларының алдын алуға септігін тигізеді. Кейбір тағамдық қоспалар ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Егер адамда ауру немесе қауіп факторлары болса, диеталық қоспалардың әсерін болжау мүмкін емес. Диеталық қоспалар мен дәрі-дәрмектерді бірге қабылдау ұсынылмайды. Мысалы, шайқурай шөптік қоспасы көптеген дәрі-дәрмектердің тиімділігін төмендетеді. Келесі жағдайларда ББҚ пайдалану ұсынылмайды: дәрігермен келісілмеген қоспалар комбинациясы; қоспаларды дәрілік заттармен бірге пайдалану; рецепт бойынша берілетін дәрілердің орнына алмастырғыш қоспаларды қабылдау; А дәрумені, D дәрумені немесе темір сияқты белгілі бір қоспаларды тым көп қабылдау. Кейбір қоспалардың операциядан бұрын, операция кезінде және одан кейін жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге сіз қабылдайтын барлық ББҚ туралы міндетті түрде хабарлаңыз. Жосықсыз өндірушілер белсенді заттардың құрамы мен пропорцияларын өзгерте алады. Тек барлық қажетті сертификаттардың болуы өнімнің мәлімделген қасиеттерге сәйкестігін және оны пайдалану қауіпсіздігін растайды. Дәрі-дәрмектің сыртын немесе ішіндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз. Құрамында биологиялық белсенді қоспасы бар дәріні тек аурудың алдын алу үшін қолданады. Ал ауруды толық емдеуге мұндай дәрінің күші жетпейді. ББҚ алу үшін қолданылатын өсімдіктің қайда және қандай жағдайда өскені өте маңызды. Өйткені өсімдікті жинау барысында құрамындағы концентрациясы өзгеруі мүмкін. Сондықтан тағамға биологиялық белсенді қоспаларды қолданбас бұрын міндетті түрде мамандардан кеңес алғаныңыз жөн.