Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байыту үшін мүмкіндік болып табылады. Демалыс-оқу сабақтарынан бос уақыт, балаға ерекше назар аударатын «аймақ», оны әлеуметтік қорғау. Балалардың демалуы мен сауығуы-бұл балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, балалардың дене шынықтырумен, спортпен және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруды, санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отырып, олардың тамақтану режимі мен қолайлы ортада өмір сүруін сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Балалар күндіз болатын жазғы сауықтыру лагері жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдерде сауықтыру, демалу және каникул уақытын ұтымды пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтының жалпы мәдениеті мен дағдыларын қалыптастыру; балалардың денсаулығын, шығармашылық еңбегін нығайту, олардың қабілеттерін іске асыру үшін барынша жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылады. Балалар бірнеше бағыттар бойынша жұмыспен қамтылады: еңбек, экологиялық лагерьлер, шығармашылық лагерьлер: әртүрлі мекемелердегі қызығушылықтары бойынша клубтар мен үйірмелер, спорттық, жазғы тіл мектептері, дебат лагерлері. Балалардың демалуына арналған нысанды таңдау кезінде төмендегілерді ұсынамыз:
- Рұқсат беру құжатының – объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуына назар аударылсын.
- Лагерьдің медицина қызметкерін балалардың созылмалы ауруы немесе аллергиясы бар екендігі туралы, белсенді демалыс үшін қарсы көрсеткіштер туралы алдын ала ескеру: спортпен шұғылдану, су рәсімдері және т. б.
- Балаларға қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіру.
- Күн сайын балаларға тыйым салынған жерлерде, соның ішінде қалалық субұрқақтарда шомылу өте қауіпті екенін ескерту.