
Адам папиллома вирусы (АПВ) – теріні және дененің әр түрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын және онкогендік потенциалы бар вирустардың кең таралған тобы. Жұғыу немесе таралу жолдары әр түрлі, қол алысқанда немесе жыныстық қатынас арқылы. Тері немесе шырышты қабық жанасқанда вирус денеге енеді. АПВ-ны жұқтыру оңай, сондықтан адамдардың 80%-ы өмірінде бір рет болса да осы вирусты жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін вирус ағзада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, бірақ бұл адам ауырады дегенді білдірмейді. Өзінде вирус бар екені туралы білмеуі де мүмкін. Егер адамның иммунитеті жақсы болса, ауру белгілері болмауы мүмкін. Инкубациялық кезең 2 айдан 2-10 жылға дейін созылуы мүмкін. 30% жағдайда 6-12 ай ішінде вирустан құтылу мүмкін. Онкогенді папиллома вирустарда ДНҚ құрамында E6/E7 ақуыздары бар, олар генетикалық материалы өзгерген жасушаларда бағдарламаланған өлім процестерін басуға қабілетті. АПВ вирусы жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытумен қауіпті. Бүгінгі таңда, АПВ емдеу жолы болмаса да, алдын алудың бірден бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыру себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Елімізде 2024 жылдың күз мезгілінен бастап 11 жастағы қыз балаларды ауруға қарсы вакцинациялау жүргізілетін болады. АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде жасалады. Вакцина дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен және дәрігердің жіті тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Есте сақтаңыз! Жатыр мойны обыры – өте қауіпті, жиі жағдайда адам өліміне әкелетін ауру. Жатыр мойны обыры әйелдерде ең жиі кездесетін обыр түрі. Жатыр мойны обыры 100% жағдайда папиллома вирусы себебінен пайда болады. Папиллома вирусы адамнан адамға жыныстық қатынас арқылы беріледі. Жатыр мойны обыры қаупі жоғары адам папилломасы вирусын жұқтырып алған мың әйелдің бірінде жетіледі. Жатыр мойны обыры әдетте Есте сақта! вирусты жұқтырып алғаннан кейін 10-15 жылдан кейін ғана басталып, жетіледі. Серіктестерін қорғау үшін еркектер де екпе алу қажет, олар ауырмаса да АПВ тасымалдаушысы болуы мүмкін.