Адам ағзасы күніне 5-6 грамм немесе бір шай қасық тұзды қажет етеді. Бұл мөлшер бір күнге 2,3 грамм натрий эквивалентін құрайды. Ересектерге қарағанда, балалар тұзды аз мөлшерде қажет етеді, сондықтан балалардың тағамдарына тұз қоспағаныңыз жөн және тұзды тағамдар беруді шектеңіз.
Тұздың жоғары мөлшері бар тағамдық өнімдерге жататындар: соя соуысы, бекон, зәйтүн, ірімшік, салями, сорпалық текшелер, чипсы, пицца, дайын сорпалар, соустар. Этикеткаларда көрсетілген тұз мөлшерінің айырмашылықтары әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатарында натрийдің мөлшері ғана көрсетіледі. Мұндай жағдайда натрийдің мөлшерін 2,5-ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болады.
Тағамыңыздағы тұздың мөлшерін азайтуға негізгі кеңестер:
- Қайта өңделген тағамдық өнімдерде тұздың көп мөлшері бар, сондықтан ас тұзын тұтынуды азайтыңыз. Олардың орнына, мүмкіндігінше жаңа піскен өнімдерді тұтыныңыз. - Тағамыңызға ас тұзының орнына сарымсақ, бұрыштар, шөптер мен дәмдеуіштердің немесе бірнеше тамшы лимон шырынын қосып тәжірибеден өткізіп көріңіз.
-Тағамыңызға ас тұзын қоспас бұрын байқап көріңіз, мүмкін тұзсыз да тағамның дәмі жеткілікті болар.
- Этикеткаларда «тұз қосылмаған» деген жазуы бар, консервіленген көкөністер мен бұршақ тұқымдастарды таңдаңыз.