
Қазіргі таңда- "Лудомония" сөзі жиі кездеседі.
Лудомания–бұл адамның физикалық, психологиялық, қаржылық немесе әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсер еткеніне қарамастан, құмар ойындарға деген қажеттіліктен зардап шегетін тәуелділік.
Қазіргі заманғы технологиялар мен беттингтік компаниялардың интрузивті жарнамасы дәуірінде (ставкалар), күн сайын лудомандардың саны артып келеді. Оның қауіпті құбылысқа айналғаны соншалық, 2023 жылы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселеге айрықша назар аударған еді. «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді алып тастау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 8 шілдедегі Заңға (бұдан әрі-Заң) қол қойды
Осы Заңмен халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеу және ынталандыру нормалары енгізілді. Құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер банкі) қосымша жатқызылды. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың оларға қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуы шектелген.
Айта кету керек, 2023 жылғы 12 желтоқсанда Салық кодексінің 26-бабы 28-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендердің салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті.
2024 жылғы 19 наурызда "букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидаларын, тізбесін және нысанын бекіту туралым "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №160 бұйрығына қол қойылды.
2024 жылғы 20 наурызда бұйрық Әділет министрлігінде №34167 болып тіркелді және 2024 жылғы 28 мамырдан бастап күшіне енді.
Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысқаны үшін (оның ішінде букмекерлік кеңселер). теріс себептермен жұмыстан шығару қарастырылған.
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер қойылды.
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамалауға, оларды көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино -, видео-және анықтамалық қызмет көрсетуде жарнамалауға тыйым салынады. Бұған мыналар жатады: букмекерлік кеңсе немесе тотализатор орналасқан жердегі сыртқы жарнама; спорт ғимараттарының ішінде және спортшыларды жабдықтауда; тіркелген БАҚ-тағы, спорттық тақырыптық бағыттағы жарнама, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялауы кезінде.
Қойшыбек Ерасыл Қойшыбекұлы
Жангелдин ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі