
Өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге, жұмысшыларға әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірістік санитария – жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік зиянды факторлардың алдын алатын ұйымдық, гигиеналық және санитарлық-техникалық шаралар мен құралдар жүйесі. Зиянды өндірістік фактор - әсері жұмысшының немесе қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор. Зиянды факторлар адам организміне қысқа немесе ұзақ уақыт әсер ету барысында қалыпты жағдайын бұзып еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға әкеледі бұл жағдай кәсіби ауру, немесе улану деп жіктеледі. Қауіпті өндірістік фактор - әсері жұмысшының немесе қызметкердің жарақаттануына немесе өліміне әкелуі мүмкін өндірістік жағдай. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар – газ, шаң, шу, діріл/вибрация, тым жоғарғы немесе төмен температура, тым жоғарғы немесе төмен ылғалдылық, радиация ж.б. Зиянды факторлар адам организміне қысқа немесе ұзақ уақыт әсер ету барысында қалыпты жағдайын бұзып еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға әкеледі бұл жағдай кәсіби ауру, немесе улану, өндірістік жарақаттану деп жіктеледі. Зиянды заттар адам ағзасына әсер ету дәрежесіне байланысты төрт қауіптілік класына бөлінеді: 1- төтенше қауіпті, 2- жоғары қауіпті, 3- шамалы қауіпті, 4- аз қауіпті. Өндірістік ортаға түсетін жұмыс орнындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шоғырлану шегі 0,3 ПДК дан артпау қажет. Өндірістік зиянды заттар қауіптілік дәрежесі бойынша төрт класқа жіктеледі: бірінші, екінші, үшінші, төртінші. Жұмыстың ауырлығына байланысты классификациясы. Жеңіл – Іа; жеңіл – Іб. Орташа ауырлықтағы – ІІа; Орташа ауырлықтағы – ІІб; Ауыр – ІІІ өте ауыр жұмыстың күрделілігіне (напряженность) – байланысты: жеңіл күрделі, орташа күрделі, күрделі, өте күрделі бөлінеді. Пәннің басқа ғылымдарымен байланысы. Кез келген ғылым саласы басқа салалармен оның ішінде кемінде бірнешеуімен тығыз байланыста болады. Өндірістік санитарияда бірнеше ғылымен тығыз байланыста: кәсіби аурулар пәнімен, еңбек гигиенасымен, химиямен, физика, еңбекті қорғау пәнімен. Осылардың тек бір екеуін ғана мысалға келтірсек: өндірістік зиянды факторларды жіктегенде, олардың әсерін қасиетін зерттеу үшін сол факторлардың физикалық және химиялық қасиетін білуіміз керек. Ал олардың адам организміне жұмыс барысында әсер етуін еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар зерттейді.