Тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Жангелдин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Тағамнан улану тек қоғамдық тамақтану орындарында ғана болады деп түсінуге болмайды. Қазіргі таңда күн ысып кейбір ерте пісетін көкөніс өнімдері сауда орындарында пайда болуда. Атап айтқанда адам денсаулығына қажетті дәрумендермен байытылған қызанақ, қияр, алма, қарбыз, қауын, басқада жеміс-жидек түрлері сатуға шығуда. Ерте піскен өнімдеріде нитрат мөлшері тиісті мөлшерден жоғары болуы мүмкін. Шындығында адамдар күнделікті сатып алатын көкөніс өнімдердің қолжетімді бағасына назар аударып, оның сапасына көп мән бермейтіндері де кездеседі. Бұл күнделікті тұтынып жүрген тағам түрлерінің адам денсаулығына тікелей байланысты екендігін ұмытпайық. Нәтижесінде тұтынушылар арасында тамақтан улану, не болмаса басқада жағдайлар орын алып жатады. Осыған байланысты сауда орындарынан көкөніс өнім түрлерін сатып аларда олардың сапасына мән беру қажет, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, тазалап пайдалану қажет. Сонымен қатар тамақтан улану үй жағдайында немесе санитариялық-эпидемиологиялық талапқа сай емес орындарда тез бұзылатын тағамдарды, олардың ішінде кремді, ысытылған балық өнімдері, фасфуттар мен салаттар, басқа да тез бұзылатын тағам түрлерін дайындап, сату да басты себеп болып табылады. Тамақтан уланудың алдын-алу үшін төмендегі ережелерді біліп, сақтай жүруге кеңес береміз: Улану себептері: Бактериялар және басқада тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мысалы олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті. Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея,іштің жиі ауруы мен түйіліп ауруы, т.б. жатады. Алдын-алу шаралары: Азық-түлік сатып аларда рұқсат беретін құжаттарды, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды мен жарамдылық мерзімін сұрау. Өнім қандай жағдайда сатылып жатқандығына, оны сақтайтын тоңазытқыштың бар болуына назар аудару. Ұйымдастырылмаған орындарда, көшеде, жол бойында, базарларда кездейсоқ адамдардан тамақ сатып алмау, әсіресе үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, салат түрлері, жартылай ысталған балық, сүт, ірімшік, май, кондитерлік өнім түрлерін сатып алмау. Бақша дақылдарын, жеміс түрлерін кесілген күйде сатып алмау, себебі микробтар беткі қабаттан жұмсақ жеріне қарай жылдам өтеді. Арзан бағамен сатылып отырған түрі нашар, бұзылған жемістерді алмаңыз, оларда улы заттар (афлотоксиндер мен нитрозаминдер) көп болады. Етті, құс етін, жұмыртқаны пісіру алдында және көкөніс пен жемістерді мұқият жуыңыз. Мал сүтін қайнатқаннан кейін ғана пайдалану. Дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюуін тоқтатады. Ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз.