Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі.

Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін болжамды орын ауыстыру басталғанға дейін портал арқылы ұсынады.

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттар беру мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Ведомствоның аумақтық бөлімшесі кеңсесінің жұмыскері өтінішті келіп түскен сәтінен бастап 30 (отыз) минут ішінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны айқындау үшін ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысына жібереді.

Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінішті алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштегі деректердің (мәліметтердің) толықтығын және дұрыстығын тексереді және ұсынылған деректердің (мәліметтердің) толық және дұрыс болмау фактісі анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту үшін негіз дайындап, "Е-Аgriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) арқылы ведомствоға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы толық және дұрыс деректерді (мәліметтерді) ұсынған жағдайда, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштен алынған деректерді (мәліметтерді) ақпараттық жүйеге енгізеді және ақпараттық жүйе арқылы ведомствоға жолдайды.

Ведомствоның жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінен алынған деректерді (мәліметтерді) ақпараттық жүйеде қарайды және олардың осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу кезінде ведомствоның жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге сұраным дайындап, басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді.

Ведомствоның жауапты жұмыскері осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келген жағдайда, тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат береді;

2) Тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жолдайды.