Сальмонеллез ауруы және оның алдын алу

Сальмонеллез ауруы және оның алдын алу

Сальмонеллез — жұқпалы ішекауруы. Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лабораторияда арнайы бактериологиялық (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серологиялық әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Ауру белгiлерi: Жасырын кезеңі -жұқтыру кезеңінен аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейін құрайды.Ауру негізінде жіті басталады, бастапқы кезеңде улану (интоксикация): әлсіздік, бас ауруы , дене қызуының 39 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуінен, қалтыраудан, бас және бұлшық ет ауруынан басталады. Кейіннен жүрек айнып, лоқсу, құсу, бірнеше рет нәжісінің сұйықтанып, патологиялық қосындалармен бірге жасыл түсті болуын байқауға болады. Бұл аталған белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қарану керек!Науқастардың жалпы жағдайы ем алғанан кейін 4-5 тәулікте жақсарады, дене қызуы қалпына келіп, асқа тәбеті пайда болады. Үлкен дәреті қалыпқа келе бастайды. Алдын-алу шаралары; Күнделікті тұрмыста әр адам жеке бас гигиенасын және тамақты дайындаудың (кондитерлік, кулинарлық өнімдердің, салаттардың ) ережесін, дайын өнімдерді пайдалану мерзімі мен сақтау мерзімін қатаң қадалай отырып, сальмонеллез ауруының алдын ала алады. Сальмонеллез инфекциясының алдын алуда тамақ өнімдерінің термиялық өңдеу ережелерін сақтау аса маңызды, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін, сонымен қатар кулинарлық, кондитерлік, сүт өнімдері, тез бұзылатын тағамдар (салаттар, окрошка және т.б.). Көкөністерді, жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқият жуу аса маңызды. Белгісіз су қоймаларынан, әсіресе ашық су қоймаларынан суды пайдалануға болмайды. Осы ережелерді есте сақтау сальмонеллез инфекциясының алдын алудағы маңызды шаралар болып табылады.