Қышыманың алдын алу.

Қышыманың алдын алу.

Қышыма – қышыма кенелері тудыратын жұқпалы тері ауруы. Инфекция көбінесе науқас адаммен тікелей байланыста немесе ауру адамның заттары арқылы (төсек, сүлгілер, жуғыштар, жұмсақ ойыншықтар, спорт құралдары, науқас адамның киімдері және т.б. арқылы) беріледі.

Аурудың белгілері: - негізінен кешке және түнде терінің қышуы; - саусақтардың арасындағы қатпарларда, кеуде терісінде, іште, белде, бөкседе, санның ішкі бөлігінде орналасқан жұптасқан ұсақ түйіндер, везикулалар түріндегі бөртпелер. Сонымен қатар, балаларда бөртпе жиі алақанда, табанда, бас терісінде және бетінде пайда болады. Қатты қышыну теріні тырнауға әкеледі, нәтижесінде қышыма жиі қайталама инфекцямен асқынады (карбункул, фурункул, лимфаденит, дерматит және т.б.). Өкінішке орай науқастар жиі дәрігерге баруға ұялып, өзін-өзі емдеумен айналысады. Бұл ауруды диагностикалауды қиындатып, емдеу процесін айтарлықтай кешіктіреді. Аурудың тәуекел тобына кешкі және түнгі уақытта тікелей жақын тұрмыстық байланыста болатын адамдар жатады – бұл бір отбасының мүшелері, жатаханада, бір бөлмеде тұратын, бір палатада емделетін адамдар және т.б. Сондай-ақ, қышыманы жанама тұрмыстық байланыста қоғамдық душта, моншада жұқтырып алу жағдайлары кездеседі. Қышыманың эпидемиялық ошағында (отбасы, жатақхана, казарма, балабақшадағы топ, мектеп сыныбы және т.б.) науқас адаммен қарым-қатынаста болған барлық адамдар тексеріледі. Ауруды жұқтырған адам толық сауығып кеткенге дейін оқудан және жұмыстан шеттетіледі. Қышымамен ауыратын науқастың киімдері, төсек-орындары, тұрмыстық заттары міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.

Қышыманың алдын алу Қышыманың алдын алудың негізгі шарасы жеке гигиена ережелерін сақтау, науқастарды белсенді анықтау және емдеу болып табылады. Қышымамен ауырмау үшін эпидемиологтар қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады: - жеке іш киім мен төсек жаймаларын, киімдерді, сүлгілерді пайдалану; - жүйелі түрде жуыну қажет, төсек жабдықтарын міндетті түрде ауыстыра отырып, ыстық сумен жуып, үтіктеу керек; -  басқа біреудің қол жуғышын, қолғаптарын, ойыншықтарын және басқа заттарды қолданбау; - қоғамдық орындардан, көлікте жүргеннен кейін үйге қайтқанда міндетті түрде қолды сабынмен жуу, қолды және тырнақты үнемі таза ұстау қажет; - үй-жайларды үнемі тазалау қажет; - моншаларда, душтарда белгіленген санитариялық режимді сақтау қажет. Тері-жұқпалы ауруларға (бөртпе, тырнау, қышу, қабыршақты дақтар және т.б.) күдіктенсеңіз, дерматолог-дәрігермен кеңесу керек. Ол қажетті текерулерді жүргізеді, тиісті емдеуді тағайындайды. Жеке гигиена шаралары мен гигиеналық нормаларды сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз.