Іш сүзегінің алдын алу.

Іш сүзегінің алдын алу.

Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, бактериемиямен, айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезеңі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн. Типті түрінде инфекция біртендеп басталады. Негізгі клиникалық көріністері: Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде (кейде дұрыс емес немесе ремиттирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін. Қызбаның 3 түрі байқалады: Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі). Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді). Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді). Интоксикация: басының нақты ауруы, ұйқысының бұзылуы, адинамия, апатия, сананың тұмандануы, енжарлық. Орталық нерв жүйесі жағынан әртүрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестету, ориентациялық бұзылуы). Тері өзгерістері: - бозару, бөртпе (аурудың 8-12 күндері, розеолезді бөртпе түрінде, аз мөлшерлі, көбінесе ішіне, кеуденің төменгі жағына шығу, 2-3 күн себелеп шығуы тән). Ас қорыту жүйе бұзылыстары: тәбетінің төмендеуі, тілдің ісінуі (шеттерінде тіс іздері айқын байқалады), ортасы қалың жабындымен басылуы, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, пальпация кезінде іштің оң жақ мықынында ішектің шұрылдауы, Падалка белгінің оң болуы (оң жақ мықын аймағында дыбыстың тұйықталуы), нәжісі қалыпты, кейде ботқа тәрізді (тәулігіне 2-3 реттен аспайды), Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары: салыстырмалы брадикардия, АҚ төмендеуі (гипотония), пульстің дикротиясы (реттік жұптап соғу), Перифериялық қанның өзгерістері: 1-ай аптада шамалы лейкоцитоз, одан кейін лейкопения қалыптасады.

Іш сүзегінің алдын алу: Іш сүзегінің алдын-алу спецификалық және спецификалық емес деп бөлінеді. - Спецификалық емес профилактикаға санитарлық - гигиеналық жағдайды жақсарту, суды тазарту мен тамақты өңдеуді мұқият бақылау, қолды үнемі жуу (әсіресе қоғамдық дәретханалар мен адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан кейін) жатады. Тропикалық елдерде (Индия, Тайланд, Африка және т.б.) тек бөтелкедегі суды ішу, тексерілмеген жерлерде және көше сатушыларынан тамақ сатып алмау, нашар қуырылған ет жеуге болмайды. Спецификалық профилактикаға вакцинация жатады. Келесі ұсыныстар іш сүзегінің алдын алуға көмектеседі: Тек тазартылған немесе қайнатылған суды ішіңіз; Тамақ дайындау кезінде гигиена ережелерін мұқият сақтаңыз; Шикі сүт пен шикі сүт өнімдерін тұтынбаңыз. Тек пастерленген немесе қайнатылған сүт ішіңіз; Қолыңызды сабынмен мұқият және жиі жуыңыз, әсіресе үй немесе ауылшаруашылық жануарларымен байланысқаннан кейін және дәретханаға барғаннан кейін; Жемістер мен көкөністерді мұқият жуыңыз, әсіресе егер сіз оларды шикі жесеңіз және мүмкін болса, оларды аршыңыз; Ықтимал ластанған су қоймаларында шомылудан бас тартыңыз; Шұңқырлар мен ағынды суларды зарарсыздандырыңыз.