Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейді, олардың 10-15 түрі дәнді, көкөніс дақылдарының, жайылымдар мен шабындықтардың қауіпті зиянкестері болып табылады. Шегірткелердің ең қауіпті және зиянды түрлері - азиялық, мароккалық және итальяндық прус. Үйірлі шегірткелер кулигаларға (дернәсілдер шоғыры) және отарға (ересектер шоғыры) топтасуға және шоғырланып өмір сүруге тұрақты бейімділікке ие. Кулигалар мен отарлар айтарлықтай қашықтыққа көші-қон жасайды. үйірлі шегірткелер жергілікті халықтың азық-түлік қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз ету үшін ауыр зиян келтіруі және қауіп төндіруі мүмкін. Шегірткеге қарсы өңдеудің қиындығы - олардың өршуін болжау қиын. Кейінгі үш-төрт жылдың ішінде аудан көлемінде зиянкестер арасында ұялы шегірткелердің, Соның ішінде аса қауіпті деп танылған шегіріткелер Итальяндық прус және де Азиялық деп аталатын екі түрі біздің аудан көлемінде 2000 жылдан бастап бой көрсетіп келеді. Шегіріткелер жылына бір ұрпақ береді. Ол жыл сайын күзде жұмырткасын жерге салып , өз ұрпағын артына молынан қалдыратын зиянкес. Қыстың аязы , күздің қара суығы, жаздың аптап ыстығымен, көктемнің ылғалды ызғарына төтеп беретін шегірітке жұмыртқалары келер жылы күн қыза қайта дернәсілдері шыға бастайды. Оның өсуі бес сатыдан тұрады. Сондықтанда оны жұмыртқа салу мерзімінен жеткізбей 2-3 сатыда химиялық жолмен шара қолдану керек. Бұл үшін газогенератормен, ұшақпен ,дельтапланмен жұмыс атқару тиімді болады. Аса қауіпті ұялы шегірткемен күрес шараларының ең бастысы , оның личинкалары бар жерін анықтап, тұқымын жоюдың шараларын жедел жүргізу қажет личинкаларын көрген сәтте хабарласыңыздар. 2024 жылға Жангелдин ауданында үйірлі шегірткелер бойынша мониторингтік тексеру 769 475 га құрайды. олардың 374 400 га көктемгі-жазғы зерттеу. 394 875 га жазғы зерттеу. 2024 жылы Жангелдин ауданы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін болжамды аумақ 164,406 мың гектарды құрайды (итальяндық прус-152,025 мың га, азиялық шегіртке-12,381 мың га,).
. Шегірткемен күресу кезінде дернәсілдер негізгі нысан болып табылады және оларға қарсы өңдеу көктемде жүзеге асырылады. Өңдеу сонымен қатар жұмыртқа капсулаларына (ерте көктем) немесе имагоға (кеш көктем мен жаз) бағытталуы мүмкін. Кейде механикалық және агротехникалық шаралар қолданылады. Химиялық заттармен бүрку (Инсектицидтер) шегірткелермен күресудің негізгі әдісі болып табылады. Ол негізінен жердегі және авиациялық әдіспен жүзеге асырылады. Шегірткелерге қарсы әртүрлі өңдеу әдістері қолданылады: толық-зиянкестермен қоныстанған барлық аумақ өңделеді; тосқауылдар - шегірткелердің қозғалыс бағыты бойынша белгілі бір жолақтар өңделеді, тосқауыл аралық кеңістікті өңдеусіз қалдырады; жергілікті - тек дернәсілдердің шоғырлану ошақтары (кулигалар) өңделеді; Шеткі-ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінің айналасында орындалады. Биылғы жылы аудандық «Республикалық Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемлік орталығы» РММ Байланыс телефондары 8-71439-21-205,21-5-80 хабаласыңыздар. Биылғы жылы мемлекет қарауындағы жерлерде үйірлі шегіріткелер бой көтереді деп алдын ала болжам бар. Сондықтан да осы шегірткелермен күресте тек арнаулы мамандар ғана емес ,тұтас ауданның әр азаматы ат салысса, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады дегім келеді. Ауыл әкімдері, жем-шөп дайындайтын пішеншілер мен малшылар үйірлі шегіртке білінген сәтте дереу тиісті орындарға хабарласса ұтпасақ ұтылмаймыз. Үйірлі шегірткелерге химиялық өңдеу жұмыстары басталмас бұрын ауыл тұрғындарына ескерту мақсатында, әр ауылдың әкімшілігіне өз округтернің аумағында жүргізілген жұмыстардың көлемі мен қай елді мекенде , қай бағытта химиялық өңдеу жүргізілетіндігі жөнінде хабарламалар жолданады. Өйткені ескертетін жағдай зиянкестерге қарсы химиялық жұмыстар жүргізген алқапқа 40-45 күнге дейін мал жаюға тыйым салынады. Малдардың жайылатын өрісін сол кездерде өзгерту керек. Сіздерден өңдеу жұмыстары кезіңде малдың жайылымын, малдың топтасып бақташы арқылы бағылуын қадағалауларыңызды сұраймыз.
Үйірлі шегірткелерге химиялық жұмыстар таңертеңгілік және кешкі уакытта жасалады.
Таралуы: Бұл зиянкестер Қазақстанда жусанды-дәнді алаңдарды, көбіне Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтарының құм далалы өңірлерін қ кең таралған, бірақ солтүстік және Батыс Қазақстанда ең көп шоғырланған. Қазақстанның дала және шөлді аймақтарының дәнді-жусанды, жиі құмды дала учаскелерін мекендейді. Бұл әртүрлі мекендеу орындарына оңай бейімделе алатын өте экологиялық пластикалық түр.
Сыртқы құрлысы:Артқы қанат үстінен біраз қысқарақ,алыстырмалы түрде жіңішкелеу. Қоңыр- қызыл қоңыр, сұрғылт қоңыр қоңырқай, аздап ашық және ақшыл түстілер мен көп ұшырасады. Артқы сирақтары қызыл немеме қызғылт қоңыр кейде ақшыл түске айналады.
Күбіршектері: негізі екі бөліктен тұрады: көбіктен және жұмыртқа капсуласынан. Олар жирен түсті буалдыр бекітуші көбікпен толтырылған.
Таңдаулы жем өсімдіктері - негізінен шөп болып табылады, дегенмен іс жүзінде барлық дақылдар; соның ішінде жоңышқа, мақта, күнбағысты, көкөніс пен дәнді дақылдарды өсіп-өну кезінде зақымдалуы мүмкін. Алғашқы дернәсілдері сәуірдің аяғынан маусымның ортасына дейін болады. дернәсілдердің дамуы 40-55 күнге созылады және бес жас кезеңнен өтеді. Ересек жәндіктер әдетте шілде айының басынан бастап болады. Шілдеден тамызға-қыркүйекке дейін дейін ұрықтанады. Аналықтары жусанды даланың құрғақ топырақтарында, сондай-ақ борпылдақ, құрғақ топырақтарда бір-төрт жұмыртқа капсуласы (ең көбі 120 қыстайтын жұмыртқа) салады. Ересектер жаздың соңында өледі.
Үйірлі шегірткелер- Азиялық шегіртке.
Таралуы: Бұл зиянкестер Қазақстанда Азиялык, шегіткенсінің каркынды көбейетін мекен- жайлары Алматы облысында - Балхаш, Алакөл көлдері мен Іле өзенінің жағалуларындағы қамыс қопалары, Атырау облысында Каспидің аралдары мен жағалауы, Жамбыл облысында Шу, Талас өзендерің жағалулары мен Мойынкұм өңipi, Батыс Казакстанда Камыс-Самар көлдерi жүйесінің Балыкты қызылсу жиналатын аймақтары, Кызылорда облысында Телікөл, Караөзен алабы, Костанай облысының Жангелдин, Наурызым аудандары аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады.. Ауылшаруашылық дақылдарының әр алуан түрлеріне және шабындық пен жайылымдағы астық тұқымдасты өсімдіктерге зиян келтіреді. Қоректенетін негізгі өсімдігі –қопа қамыс Олар 4 – 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Азиялық шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. Азия шегірткесінің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. Азия ұшпа шегірткесінің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 – 10 жылда байқалып тұрады.
Сыртқы құрлысы: Ересектері (имаголары)- ірі бунақденелі. Маңдайы тік. Жоғары жақтары көкшіл. Алдынғы арқасында Х-тәріздес таңбасы бар. Үстінгі қанаттары ұзын, көптеген қоныр дақты, жылтыр. Артқы қанаттары мөлдір, тек түп бөлімі ғана сарғыш жасыл ренді болып келеді. Артқы бөксесінің ішкі жағының түп бөлімі көкшіл-қара түсті. Артқы сирағы сарғыш немесе қызыл түсті. Кеудесінің астынғы жағын қысқа және қалың түк басқан.
Күбіршектері: ұзындығы 58-75 мм, пішіні аздап доғаша иілген цилиндр тәрізді Күбішіктің төменгі бөлігінде жұмырқалар жатады. Олар төрт-бес қатарға орналасқан, саны 55-115 дейін жетеді. Күбішіктің жоғарғы бөлімі мөлдір көбікті қоңыр немесе қызғылттау затпен толтырылған.
«КР АШМ АӨК МИК Жангелдин ААИ» ММ бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Б.М. Кудабаев.