«Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ 30.12.2020 ж № 336/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жангелдин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басармасы» РММ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:
1) Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына, шикізаттың жаңа түрлеріне және өнімнің халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні).
2) Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» (қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күні).
3) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру» (қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарында «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz көрсетілген. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен бірге, ҚР ДСМ 2023 жылғы 23 ақпандағы №30 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет) сәйкесінше «бір өтініш» қағидаты бойынша да алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414,
8 800 080 7777.