АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?

АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?

АИТВ - адамдағы иммунтапшылығы вирусы. ЖИТС- АИТВ салдарынан болған жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы. АИТВ қан арқылы беріледі: ауру жұқтырған донор қанын құйғанда немесе донор мүшесін ауыстырғанда, инъекцияға арналған зарарсыздандырылмаған құралдарды қолданғанда, зарарсыздандырылмаған құралдармен татуировка және пирсинг жасатқанда, ортақ ұстара және тіс щеткасын қолданғанда, инъекциялық есірткіні бірге қолданғанда ортақ шприц, ине және есірткі мөлшерін дайындауға арналған ыдысты қолданғанда.  Сондай-ақ жыныстық қатынас кезінде қорғанбай (мүшеқапсыз) жыныстық, оның ішінде ауыз және анустық қатынасқа түскен кезде жұғады. Анадан балаға жүктілік және босану кезінде, ана емізгенде сүт арқылы жұғады.

АИТВ ауа арқылы, бассейнде, душта, саунада, дәретханада, құшақтасқанда, қол алысқанда, сүйіскенде, ыдыс және асүйлік аспаптар арқылы, маса, басқа жәндіктер шаққанда және жануарлардан, АИТВ жұқтырған адаммен бір үйде тұрғанда жұқпайды.

Ауру жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын қалай білуге болады?

-АИТВ-ға тексеруден (тестілеуден) өту қажет. АИТВ-ға тестілеуден өту- вирустың өзін емес, арнайы нәруыздар-АИТВ-ға антиденелерді анықтауға негізделген қан талдау әдісі. Тестілеу нәтижелері мынандай:  Оң нәтиже-бұл қан құрамында АИТВ-ға антиденелер бар, яғни адам АИТВ жұқтырған және басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін екендігін білдіреді.

Теріс нәтиже-бұл қан құрамында қазір АИТВ-ға  антиденелер жоқ, яғни адам АИТВ жұқтырмаған және жасырын кезеңде «аралықта» қалуда.  Есте сақтау қажет:

-серіктеске жұқтыру қылмыстық жазаға тартылады - Қазақстанның әр азаматы (мемлекеттік мекемеде) АИТВ-ға тегін және құпия тексеруден өтуге құқылы - күштеп тексеруден өткізуге ешкімнің құқы жоқ - АИТВ-ға тестілеу тесталды және тесттен кейін кеңес беріледі

- тестілеу нәтижесі туралы мәлімет құпия ақпарат болып табылады, ондай ақпаратты жариялау қылмыспен жазаланады.

Дерек көзі. https://aids-aktobe.kz/aitv-zhits-degenmz-ne.html.

 Жангелдин СЭББ.