Иттің етін жеуге болама?

Иттің етін жеуге болама?

Қазақстанда әрбір жануарды жеуге рұқсат беретін нақты заң болмаға­нымен, арнайы санитарлық норма бар. Бірақ оның ішіне айтып отырған үй жануары кірмейді. Демек, елімізде иттің етін жеуге рұқсат беретін заң жоқ деген сөз. Бізде заңдық тұрғыда иттің етін пайдалануға тыйым салынған. Өйткені сиырдың, қойдың, я жылқының еті сияқты рұқсат қағазы жоқ. Жалпы, иттің етін жеу шариғат­қа да қайшы келеді. Шариғатымызда иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады. Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады. Қазақтардың ұғымында ит дегеніміз – қасиет­ті жануар, ол – жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні елімізде «Қазақстан-Ислам стандарты халал» деген бірлестік құрылғалы отыр. Егер ол ашылатын болса, мамандар жеуге болатын халал жануар­лардың тізімін жасап, заң жүзінде бекітуді көздеп отыр. Себебі, ит көрінген нәрселерді жей береді, тілімен зәр шығаратын мүшелерін түртіп тазалайды. Басқа жануарлар сияқты ит терісінен емес, тілінен терлеп өте улы микробтарды бөліп сыртқа жаяды. Иттің тілі тиген зат қауіпті екенін білген ата-бабаларымыз итті табалдырықтан бері аттатпаған. Ұстаған адам кемінде қолын үш рет жууы керектігін айтып, иттің тілі тиген асты жуындыға төккен. Ит иіскеген ыдысты құммен ысқылап жуып, тазартуды үнемі еске салып отырған.  Ультрадыбыстық тексеру арқылы анықталатын бауыр эхинококкозы дейтін індет адамға тек иттер арқылы таралатыны белгілі. Эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін апаратын, ал асқынған кезде өліммен аяқталатын құрт ауруы. Ол – кішкене дән көлемінен жас туылған баланың басы көлеміне дейін ұлғаятын сұйыққа толы дене. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды. Оның жұмыртқалары қоршаған ортада өмір сүруге өте төзімді. Сумен және тамақпен оның жұмыртқалары ауыл шаруашылығы жануарларының ішегіне түседі. Содан барып бауырға және өкпеге енеді. Иттен жұғатын бұл аурудан басқа  Токсокароз, Лямблиоз, Лептоспироз,  Құтыру,  Иттердің қотыры, Дипилидоз сияқты адам денсаулығына қауіпті паразиттік аурулары да белгілі.