Азық-түлік қауіпсіздігі өзекті мәселе.

Азық-түлік қауіпсіздігі өзекті мәселе.

Біз жыл сайын 7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күнін атап өтеміз. Осы салада жастар бұл күнді білуі керек. Болашақта маман болып қалыптасқан шақтарында олар тағам қауіпсіздігі туралы барынша молырақ білсін, маңыздылығын сезсін дейміз тағам қауіпсіздігі төмендеп барады. Қарапайым ғана мысал ретінде келтірер болсақ, ауылшаруашылығы саласындағы мемлекет болғандықтан ең алдымен мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласынан келетін өнімдердің жәй-күйі қандай? Мал нені азық етіп жатыр? Біз одан сапасы жағынан қандай өнім аламыз? Тағам қауіпсіздігі дегенде ең алдымен осы сауалдар қойылады. Ендеше біз экологиялық таза өнім тұтынғымыз келсе, әуелі азықтық ортамызды дұрыстап алуымыз керек. Бұл жерде қарапайым ғана мысалдар арқылы маңыздылықтың қандай екені өзі-ақ көрсетіп тұр. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету қашан да өзекті тақырып күйінде қала бермек. бүгінгі таңда сырт елдерден келетін азықтың сапасына кепілдік бере алмаймыз. Әсіресе жеміс-жидектер мен кептірілген жемістердің, жаңғақ түрлерінің жағдайына алаңдаушылық бар. Мемлекеттік тараптан бақылаудың мүмкіндігін күшейтуді қалайды. Бұл – ең маңыздысы. Себебі жеміс-жидекке ол жақта қандай химиялық белсендіргіштер қосылғанына көз жеткізу қиын. Сол себепті түрлі жемістерді әбден бақылау маңызды болып отыр. БҰҰ-ның зерттеуі бойынша, осы ғасырдың орта тұсында 9 миллиардтан астам тұрғынды азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет болады. Бұл қазіргі таңда ғалымдардың басын қатырып отырған ең үлкен мәселе. Қарапайым ғана ойлаған күннің өзінде жер беті осыншама адамды таза әрі экологиялық тұрғыдан сапалы өніммен қамтамасыз етуге қауқарлы болмай қалады деген қауіп басым. Ал сапасыз әрі лас өнім тұтынған жағдайда халықтың күйі не болмақ? Бұл өз алдына үлкен бір сауал болып шығары сөзсіз. БҰҰ Халықаралық азық-түлік ұйымының мәліметтері бойынша, тағам қауіпсіздігі әлемдік мәселеге айналып барады. Алайда, Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен және таза ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытумен қамтамасыз ете алатын елдердің қатарында. Бірақ қатарда болу бар да, ол бағытта әрекен ету басқа. Бізде әрекет жағы мардымсыз екені шындық. Елімізге келетін импортты қысқарту жөнінде және сыртқы нарыққа шығатын бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға қолдау жасау туралы нақты шаралар іске асырылуы керек. Бұл ретте, дамыған елдердің тәжірибесін де назарға алып, өз елімізге лайықты жолдарды қарастырғанымыз жөн.