Ақпараттық хабарлама.

Ақпараттық хабарлама.

Жітіқара ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 10.00-де Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй (3-ші қабат, үлкен зал) мекенжайы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде қайтадан конкурс өткізеді. Конкурстқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде 2023 жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін (қабылдау уақыты сағ. 9.00-ден сағ. 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағ. 13.00-ден сағ. 14.30-ға дейін) Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Е. Есжанов көшесі, 13, 38-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылатын болады. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолға не пошта бойынша немесе «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген, конкурсқа қатысу өтінімдері бойынша конкурсқа қатысу туралы конкурстық ұсынымдар ұйымдастырушыға өтінімдерді қабылдау күнінен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он жұмыс күні ішінде қолға әкеп тапсырылады.

р/с №

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен шалғайлығы, орташа қашықтық, км.

Жер учаскесі лотының №

Өңірдің ауыл шаруашылығы маманданымы

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер учаскесінің жалпы алаңы, га

 

Алқаптар құрамы, олардан

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Бонитет балы

егістік

 

жайылым

 

шабындық

1

Чайковский ауылы (елді мекеннің шегінен тыс) № 65 егістік.

мал шаруашылығы

48 жыл

154,6

 

 

154,0

 

оңтүстік қара топырағы

жоқ

28

2

Мүктікөл ауылдық округі (№ 14-1, 20-3 егістік)

мал шаруашылығы

48 жыл

1645,0

 

81,9

1544,9

 

күңгірт-күрең

жоқ

37

3

Мүктікөл ауылдық округі (№ 6, 13 егістік)

мал шаруашылығы

48 жыл

704,4

 

 

697,8

 

 

күңгірт-күрең

жоқ

37

4

Аққарға ауылы (елді мекеннің шегінен тыс) (№ 45 егістік)

өсімдік шаруашылығы

мал шаруашылығы

48 жыл

515,0

198,0

315,0

 

күңгірт-күрең

жоқ

30