Қазақстанда өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрлеріне 50-дей көпқоректі 100 ден астам зиянкестері, 70 тен аса аурулары мен арамшөптердің 120 түрі зиян келтіреді. Аса қауіпті зиянды организмдердің Жангелдин ауданы көлемінде кездесетін зиянды жәндіктерінің ең көп таралған түрлері; Италяндық прус шегірткесі мен Азиялық шегірткесі. Бұларды үйірлі шегірткелер деп атайды. Бұлар жаппай шоғырланып құмды далалы жерлерде жасыл шөптесін өсімдіктер мен шабындықтар және егін алқаптарында зақымдайды.
Шегіртке тұқымдастарына қысқаша сипаттама –тік қанаттылар отрядының бір отряд тармағын құрайтын насекомдар. Шегірткелерге тән негізгі белгілері: артқы аяқтары секіріп бейімделген; кеміргіш ауыздары қатты дамыған, алдыңғы кеудесі жіңішке, үстіңгі қанаты жалпақ, алдыңғы қанаттары артқы қанаттарыны қарағанда қалыңдау, жарғақ терілі. Шегірткелер жылына бір ұрпақ береді. Аналық шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерге, жайылымдарға, құмдардың шетіне және т.б. жерлерге жұмыртқа күйінде қыстайды. Италяндық прус шегірткесінің күбіршектері (кубышкасы) доға тәрізді, ұзындығы 22-24 мм. Ол негізі екі бөліктен тұрады жұмытқа капсулі және көбіктен тұрады. Көбіктің түсі ақ. Жұмыртқалары жирен түсті. Саны 32-41 дана, күбірше қабырғасына тығыз орналасқан. Шегірткелер жұмыртқадан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас болып туады. Дернәсілі 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсілдері 4-5 рет түлеп, 4-5 жастан өтеді. Содан кейін ересек шегірткеге айналады. Ал азиялық шегіртке күбіршесі (кубышкасы) 56-85мм. Ондағы жұмыртқа саны 55-100 дана қабырғасына 4 қатарға тығыз орналасқан. Күбіршектерін қопа, құрақ қамыстарының түп тамырларына топыраққа салады.