«Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Күмбірле көне домбыра» атты аудандық домбырашылар байқауы онлайн форматта өткізілді.

«Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Күмбірле көне домбыра» атты аудандық домбырашылар байқауы онлайн форматта өткізілді.

Қазақ халқы үшін қасиетті домбыраның орны бөлек, күй құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ал күй өнері туралы айтқанда оның атасы – Құрманғазы ойға оралатыны заңдылық. Биылғы жылы қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік қолтаңбасы бар дәулескер күйші Құрманғазы Сапғырбайұлының 200 жылдық мерейтойы. Осыған орай Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Күмбірле көне домбыра» атты аудандық домбырашылар байқауы онлайн форматта өткізілді.
Байқаудың мақсаты: дарынды, қабілетті, шығармашылық белсенділігі жоғары оқушыларды іріктеу.
Аталған байқауға ауданымыздың 4 мектебінен 7 оқушы қатысыты. Атап айтар болсақ:
А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебінен 3 оқушы Төлеухан Айзере Төлеуханқызы 5-сынып, Жаңабай Інжу Сәбитқызы 6-сынып, Қайрат Нұртас Қайратұлы 6 сынып оқушысы
Жангелдин жалпы білім беретін мектебінен 1 оқушы. Қабыкен Аружан Қойшанқызы 8 сынып.
Амангелді жалпы білім беретін мектебінен 8-сынып оқушысы Тұрманова Аяжан.
Ш.Уалиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебніңі 8-сынып оқушысы Аянқызы Нұрай мен 11-сынып оқушысы Байдрахман Алуа Қанатқызы.
Байқауға қалған мектептерден оқушылардың қатыспауы көңіл қынжылтады. Дегенмен де алдағы жылы барлық мектептен оқушылар қатысады деген сеніміміз де жоқ емес.
Сонымен қорыта келе комиссия мүшелері төмендегідей қорытындыға келді. Қатысушыларымызға жас ерекшеліктеріне қарай мынандай жүлделі орындар берілді.
Ересек топ бойынша:
1.Байдрахман Алуа І-орын Ш.Уалиханов орта мектебі
2.Тұрманова Аружан ІІ-орын Амангелді орта мектебі
Орта топ бойынша:
1.Аянқызы Нұрай І-орын Ш.Уалиханов орта мектебі
2.Жаңабай Інжу ІІ-орын А.Байтұрсынов орта мектебі
3. Қайрат Нұртас Қайратұлы ІІ орын.
4. Төлеухан Айзере ІІІ-орын А.Байтұрсынов орта мектебі
5. ҚабыкенАружан ІІІ-орынЖангелдин орта мектебі.
Байқауда жүлделі орын алған оқушыларымызға ақшалай сыйлықтар мен марапаттар бар. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінен алып кетулеріңізге болады.