Санитариялық-эпидемиологиялық салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері.

Санитариялық-эпидемиологиялық салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері.

«Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ 30.12.2020 ж № 336/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіжәне оның аумақтық басқармалары санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.
1)Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына, шикізаттың жаңа түрлеріне және өнімнің халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні).
2)Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» (қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні).
3) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу. (қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні).
4) Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беру. (қызмет көрсету мерзімі - 13 жұмыс күні). Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарында «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz көрсетілген.