Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беру тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беру тәртібі

- Сайлау учаскісінде осы учаскенің тізіміне енгізілген азаматтар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар дауыс бере алады;

- Сайлау бюллетені жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі;

- Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді;

- Азамат сайлау бюллетенін дауыс беруге арналған кабинада толтырады;

- Өзі дауыс беретін кандидат тегінің оң жағындағы бос шаршының ішіне белгі қояды немесе «Бәріне қарсымын» шаршыға белгі қояды;

- Бюллетенді өз бетінше толтыруға мүмкінді жоқ сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға хақылы;

- Толтырылған бюллетенді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшікке салады.