«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».

БЖЗҚ 2022 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.

Іс-шараның мақсаты:

-        ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

-        ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-        қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді.     

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 29 қыркүйек күні сағат 11:00-де (орыс тілінде) және 15:00-де (мемлекеттік тілде) өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет:

11.00 орыс тілінде

Zoom конференциясына қосылу:

https://us04web.zoom.us/j/73473659316?pwd=TlJXSUJ5Rmk3djJsWThSUVZ4aFhmZz09  

Конференция идентификаторы: 734 7365 9316

Кіру коды: 654321

15.00 мемлекеттік тілде

Zoom конференциясына қосылу:

https://us04web.zoom.us/j/73473659316?pwd=TlJXSUJ5Rmk3djJsWThSUVZ4aFhmZz09  

Конференция идентификаторы: 734 7365 9316

Кіру коды: 654321

        

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!