2020 жылдың қаңтар айынан бастап республикада шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеруге мораторий енгізілген болатын. Эпидемиологиялық зерттеу барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сүйене отырып, санэпидқызмет бірқатар бұзушылық анықтаған. Осыған байланысты санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органдары жалпы қолжетімді асханалардың, дәмханалардың, мейрамханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының кемінде 10% ін бақылауды жүзеге асырады. Қабылданған шаралар нәтижесінде көрсетілген фактілер бойынша қоғамдық тамақтану нысандары бар кәсіпкерлерге шағын хабарлама ретінде негізгі санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды сақтауды ескертеміз.
1. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын:
2. Жарамды тоңазтқыш және сауда жабдығының жеткілікті саны және температуралық
режимді өнімді сақтау және өткізу шарттарын сақтауды:
3. Технологиялық жабдықпен, ас үй құралдарымен, бір рет қолданылатын ыдыс қорымен қамтамассыз етуді:
4. Мәзірді келісуді:
5. Өнімді дайындаушы белгілеген тасымалдау шарттары (рефрежираторлар) тоңазтқыштар және т.б:
6. Суды сақтауға арналған резервуарлардың, жеке және өндірістік гигиена құралдарын, келушілер мен персоналдың қол жуу жағдайларын сақтауға арналған жағдайлардың сақталуы, биодәретханалардың жеткілікті санымен қамтамассыз етуді:
7. Тамақтануды ұйымдастыруға қатысатын барлық қызметкерлердің (тізімі бойынша) медициналық тексеруден өткен нәтижелері мен жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшаларының болуын:
8. Тамақтануды ұйымдастыруға қатысушылардың барлығы "ҰСО" ШЖҚ РМК аумақтық филиалдарында дизентерия тобына және стафилакокка зерітханалық тексеруден өтуін қамтамассыз етуін:
9. Тіркелетін тізімге сәйкес "ҰСО" ШЖҚ РМК филиалында (мемлекеттік тапсырыс бойынша) ПТР әдісімен COVID – 19 короновирустық инфекциясын зертханалық тексеруден өткізуді қамтамасыз етуін:
10. Персоналды жеткілікті мөлшерде арнайы киіммен, қолғаппен қамтамассыз етуді:
11. Жуу және дизенфекциялау құралдарының жеткілікті мөлшерінің болуын:
12. Осы талаптардың орындалуын бақылау жергілікті Санитариялық-эпидемиологиялық Басқарма қызметкерлеріне жүктеледі.