Фортификацияланған ұн тағамдары.

Фортификацияланған ұн тағамдары.

12.09.2022 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жангелдин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-сі ұйымдастырумен Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, 39/1 үйде орналасқан «Дәулет» дүкені мен наубайхана цехнда кәсіпкер А. Қойгелдин мен қызметкерлері арасында «Фортификацияланған ұнды» үлкен көлемді өндірісте қолданылуы бойынша акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты - денсаулықты сақтау мен қалпында ұстау үшін нан-тоқаш өнімдерін дайындау кезінде аудан көлемінде ұн өнімдерін тек фортификацияланған (дәрумендермен байытылған) ұнды қолдану қажет екенін және тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі, тағамнан уланудың және темір, жетіспеушілігі ауруларының алдын алуы жайлы түсіндіру. Фортификация - ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді – минералды кешен) қосу процесі. Бұл қоспа элементтері өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Фортификация процессі кезінде Қазақ тағамтану академиясымен арнайы әзірленген дәрумендер мен минералдардың (премикс) қоспасы қолданылады. Премикстің құрамында В1 дәрумені (тиамин) – 1,3%, В2 дәрумені (рибофлавин) – 2,0 %, В3 дәрумені (ниацин) – 6,7 %, фолий қышқылы – 1,0 %, темір – 33,5 %, цинк – 14,7% бар. Өндірістің соңғы кезеңінде арнайы құрылғының (дозатор) көмегімен жоғары және бірінші сұрыпты 1 тонна ұнға 150 грамм премикс қосылып, жақсылап араластырылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды, фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Әлемде 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданған. Акция барысында «Дәруменмен байытылған ұн пайдасы» тақырыбында дәріс өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басқарма қызметкерлері тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі, тағамнан уланудың және темір, йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алуы жайлы өнім өндіруші қызметкерлерімен, тұтынушыларға түсіндірме әңгімелерін жүргізіп, тұтынушы тұрғындар арасында жадынамалар таратылды. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Әбжамал Ғ.Т.