ФОРТИФИКАЦИЯЛАНҒАН ҰННЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ.

ФОРТИФИКАЦИЯЛАНҒАН ҰННЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ.

Ұнды Қазақстанда фортификациялау халықтың денсаулығы мен еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді. Фортификация-дегеніміз не? Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді – минералды кешен) қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процессі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіскең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды. Бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді. Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі – ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады. Анемияға әкеп соғады. Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады, барлық жүрек-қантамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқаағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуыт.б. әкеп соғады. Ал, балаларда дене бітімі дамуындағы жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі. Әр адамның денсаулығы – өз қолында, «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» демекші, фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бергеніңіз жөн. Дәрумен мен байытылға нұн пайдасы. Барлығымыз білетіндей, бидай әлемдегі кең таралған астық дақылы болып табылады, адамдар оның көп үлесін тұтынады. Бидайдың табиғи құрамы В1 (тиамин), В 2 (рибофлавин), В6 (пиридоксин), Е дәрумендеріне, ниацинге, сонымен қатар, темір мен мырышқа бай. Алайда, осы қоректік заттар бидайдың сыртқы қабығында жинақталғандықтан, ұнды тарту кезінде олар өз құрамын жоғалтып алады. Бұл ретте ұнды фортификациялаудың көп көмегі тиеді. Бидай мен жүгері ұндарын ортификациялау (дәруменмен байыту) бірнеше жылдан бері көптеген елдерде қарастырылып келеді. 1992 жылы БҰҰ-ның балалар мүддесі туралы бірінші Саммитінде дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі көптеген елдерде денсаулыққа қатысты маңызды мәселе екендігі мойындалды. Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік жағдайы туралы баяндамада денсаулыққа қауіп төндіретін ең маңызды әлемдік факторлардың ішінен йод, темір жетіспеушілігі, А дәрумені, цинк айқындалды. Әйелдердің жүктілікті жоспарлау кезінде, бала дамуының алғашқы апталарында қолданатын фолий қышқылы әлемдегі көп кездесетін туа біткен ақаулар – баланың жүйке жүйесіндегі ақаулардың қаупін сейілтеді. Темір жетіспеушілігі әлемдегі ең көп кездесетін қоректік заттардың тапшылығы болып табылады. Ол 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі мен мүгедектігіне әкеп соғады. ДСҰ критерийлеріне сәйкес қаназдықтың 40% және одан да көп деңгейде таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудағы өзекті мәселе болып саналады және бұл ретте оның жаппай алдын алу мен аталған аурудан емдеуге қатысты шұғыл шаралар қабылдау керектігін ұсынады. Қазақстанның тексерілген барлық халқы арасында қаназдықтың орташа түрде таралуы ауыр тәуекел санатына жатады. Астықты қайта өңдеу өнеркәсібі саласының әзірлеушілері мен технологтары ұн адамға қажетті микроэлементтерді «жеткізуші» ең ыңғайлы және қол жетімді әдіс деген шешімге келді. Дамыған елдерде бидай ұны ең алдымен В1, В2 және темір дәрумендерімен фортификацияланады. Кейбір елдерде кальций, фолий қышқылы, Д дәруменін де қосады. Қазақстанда ұнды фортификациялау үшін Орталық Азияның климаттық, географиялық және басқа да факторларын және халық қажеттілігін ескере отырып, Қазақ тағамтану академиясымен арнайы әзірленген дәрумендер мен минералдардың (премикс) қоспасы қолданылады. Премикстің құрамында В1 дәрумені (тиамин) – 1,3%, В2 дәрумені (рибофлавин) – 2,0 %, В3 дәрумені (ниацин) – 6,7 %, фолий қышқылы – 1,0 %, темір – 33,5 %, цинк – 14,7% бар. Өндірістің соңғы кезеңінде арнайы құрылғының (дозатор) көмегімен жоғары және бірінші сұрыпты 1 тонна ұнға 150 грамм премикс қосылып, жақсылап араластырылады. Денсаулықты сақтау мен қалпында ұстау үшін нан-тоқаш өнімдерін дайындау кезінде тек фортификацияланған (дәрумендермен байытылған) ұнды қолдану керек. Сауда жүйелерінде ұн және кондитер өнімдерін сатып алған кезде өнімнің қандай ұннан жасалғаны туралы қызығушылық білдіріп, сұрау керек.