Қызғылт (жатаған) у кекiре

Қызғылт (жатаған) у кекiре

Көктемгі - далалық жұмыстарды жақындауына байланысты, карантиндік объектілердің таратпау мақсатында ауыл әкімдері мен барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне карантиндік арам шөп ретінде қызғылт (жатаған) укекірені таратпау мәселесіне баса назар аудару керек.
Өте қауіпті карантиндік қызғылт (жатаған) укекіре өрмекші өремегі сияқты жайылған өсімдік түрі өзегі тіке мықты болып келеді. Жатаған улы қызғылт кекіре көпжылдық атпа тамырлы арамшөп. Жатаған улы қызғылт кекіре күшті тамыр жүйесі мен ерекшеленіп,негізгі тік тамырдан және одан жан-жаққа көлденең таралатын тамыршадан тұрады. Негізгі тамыр 10 м-ден терең жерге дейін орналасады. Қызғылт (жатаған) укекіре көпжылдық атпа тамырлы арамшөп болғандықтан, тұқымымен және тамыр бұтақтарымен көбейеді. Қызғылт (жатаған) укекіренің тұқым өнгіштігі 3-4 жылда. Қызғылт (жатаған) укекіре танаптарда, жол бойы аумақтарында және т.б. жерлерде ошағы (куртину) анықталған кезде, ошақ периметрі бойынша түрлі-түсті мата байланған шағын қада қағып белгілеу қажет және ошақтын 3-4 метр ара қашықта соқамен немесе культиваторам аударып жырту арқылы жұмыс жүргізеді. Жангелдин ауданы бойынша 2022 жылғы болжам сәйкес улы қызғылт кекіремен зақымдалу алаңы мемлекеттік жер қорындағы жерлерде - 203 гектар болса, өңдеуге жататыны – 199,2 гектар.
«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу» туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы №49 қаулысына байланысты Улы қызғылт кекіреге қарсы күресте бекітілген жоспар бойынша шектеу, оқшаулау және жою жөнінде қаулысына сәйкес, қызғылт (жатаған) укекіре қарсы жұмыстар «Өсімдіктер карантині туралы» Заңның 18-бабын («Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен: жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шаралар;) басшылыққа алынып жасалады.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңының 16-бабын бұзу болып табылады (16-бап Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.). «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңының 16-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 бабының 3 тармағы (атап айтқанда карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше жүргізбеу не өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше ұйымдастырмау – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) немесе 462-бабының 1-тармағы (жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) бойынша жауаптылыққа тартылады.


ҚР АШМ АӨК МИК Жангелдин аудандық
аумақтық инспекциясының өсімдіктер
карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы Т.Абдибекова