Насыбай және оның салдары туралы әр адам білуі тиіс!

Насыбай және оның салдары туралы әр адам білуі тиіс!

Насыбай (нас, мұрын, айс) – ежелгі Орта Азия елдерінде: Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда, Қырғызстанда, Ауғаныстанда, Қазақстанның оңтүстік және Қытайдың батыс өңірлеріндегі халықтардың көп пайдаланылатын темекі өнімінің шегілмейтін түрі.
Насыбайды үй жағдайларында бейберекет жасай береді. Оның негізгі өнімдерінің бірі- махорка мен темекі, ал оған қосымша қосатын өнімдері –сөндірілген әк, тауық саңғырығы немесе түйе тезегі, әртүрлі өсімдіктер күлі, желім, май болып табылады. Насыбайдың құрамында қорғасын, сынап, кадмий және мышьяк сияқты адам ағзасына зиян келтіретін ауыр металдар бар. Насыбайдың дәмін жақсарту үшін әртүрлі дәмдеуіштер қосады. Насыбай кішкене «түйіршіктер» түрінде және қара-жасыл түсті түйіршіктер күйінде сатылады.
Насыбайды пайдалану салдары:
 Никотинге тәуелділік, адам ағзасы үнемі насыбайды қажет етіп тұрады
 Жасөспірімдердің оқу материалдарын есте сақтау қабілеті және мидағы психологиялық өзгерістердің бұзылуы
 Ауыз қуысы мен көмейдің обыры ауруы
 Ми тамырларының қысылу салдарынан инсульт және инфаркт болу қаупі
 Тістің бұзылуы және қызыл иектің зақымдануы
 Әк- ауыз қуысы сілекейі арқылы жұту салдарынан, гастрит пен асқазан жарасының пайда болуы
 Тазалығы жоқ үй жағдайларындағы өнімдердің салдарынан болатын ішек инфекциясы
 Бала туу функцияларының бұзылуы және белсіздік
 Насыбайға қосылған ауыр металдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы.
Насыбайды пайдалану-аса қауіпті және еріккен іс. Насыбай адам денсаулығына өлім қаупін туғызады. Өздеріңізді және балаларыңызды осы қауіпті дағдылардан сақтаңыз.