Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

2021 жылдың 5 қазан күні Жангелдин ауданы әкімдігінің фейсбук желісінде тікелей эфир арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке мақсаты: көрсетілетін мемлекеттердің тәртібі мен тәсілдері туралы халықты кеңінен ақпараттандыру. Жәрмеңкеге қазіргі таңда ең көп талап етілетін ауыл шауашылығы, құрылыс, тұрғын үй, жер қатынастары салаларының қызметкерлері және халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық филиалының басшысы шақырылды. Барлығы 6 адам қатысты. Әр сала бойынша жауапты қызметкерлер баяндама жасады. Тікелей арасында халық арасында жер учаскесін алу, тракторды тіркеу, сәулет жобалау тапсырмасын алу және неше күнде әзірлеу керек екені, жетім балаларды тұрғын үйге кезекке қою қалай жүзеге асырылатыны туралы сұрақтар болды. Сұрақтарға эфир барысында нақты жауаптар берілді.