Тұрғын үйде өрт қаупісіздік ережелерін сақтайық!

Тұрғын үйде өрт  қаупісіздік ережелерін сақтайық!

Бәрімізде білеміз, косылған күйде ұмытылып калған үтік, баланың қолына түскен шырпы, байқаусыз лақтырған темекі тұқылы қандай жағдайға әкелетіні белгілі. Сонда да, осы себептерден өрттердің пайда болуы кайталана береді.
Барлығы өз үйін-ең сенімді, қауіпсіз орын деп санайды. Бұл шынымен осылай ма? Қайғылы оқиғаның болуы өте зор. Кез-келген үйде түрлі тұрмыстық қондырғылар, жабықтар, жаңғыш сұйықтар мен жылыту көздері бар. Электр қондырғылар мен сымдардың жарамдылығына назар аудару қажет. Сынған және жарамсыз розеткаларды, ажыратқыштарды ауыстырыңыз. Үй-жайларды жылыту үшін қолдан жасаған электр жылтқыш қондырғыларды пайдаланбаңыз.
Зауытта жасалған сақтандырғыштың орнына, қолдан жасалған сақтандырғыштарды «жучок» сияқты калибрленбеген балқитын қосқыштарды пайдалану қауіпті – бұл жағдайда өрттің шығуынан құтыла алмайсыз.
Электр желілердің өртенуі көбінесе электр желілердің жүгі шамадан тыс болғанынан, үлкен ауыспалы кедергілерден, қысқа тұйықталулардаң ұшқындардан болады.
Бір уақытта электр желіге қуаттылығы күшті бірнеше электр құралдарын қосу оның жүгі шамадан тыс болуына әкелетінің, есінізде сақтаңыз
Қосылған үтіктер, электр шәйнектер мен тағы басқа тұрмыстық электр жылыту құралдарды жанбайтын орындарға орнату қажет. Электр құралдарды қосулы күйде балаларға тапсырып тастап кетуге болмайды. Үйден шығарда, желіге қосылған электр құралдарды суырып тастаныз.
Электр сымдардың оқшаулануы жарамды болуы шарт. Егерде Сіздің пәтерінізде электр сымдар, электр розеткалар, патрондар бұзылып жарамсіз болса кемшіліктерді жою, өрттің шығуын алдын алу үшін электр шеберін шақыртып, кемшілікті жойыңыз. Қисайған жапырылып немесе күрмеленіп жатқан электр сымдар, сондай-ақ оларды шегелеу оқшауларына зақым келтіреді, сондықтан мұны жасауға үзілді – кесілді тыйым салынады.
Өрттен абай болыңыз!
Өз үйіңізді және мүлкіңізді өртен сактаңыз!
Өрт қауіпсіздігі ережелердің сақталуы –
Сіздің үйіңіздегі береке мен тыныштықтың кепілі.
Өз үйіңізді, мал мүліктеріңізді өрттен қорғай біліңіз.

Жанған өртті сөндіргенше, оның алдын алған оңай екенін естен шығармайық құрметті ағайын!

Жангелдин ауданының ТЖБ-нің
бас маманы азаматтық қорғау
аға лейтенанты Досмағамбетов Т.Е