Таралуы: Қазақстаның барлық жерінде таралған. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Бидайды зақымдайды.
Сыртқы құрлысы: Имагосы ұзақ, қара, жінішке ұзын денелі, екі жұп қанаты жіңішке, ұзын түкті шашақпен жиектелген ересек бунақдене; соң буылтығы түтікше болып созылған; ұзын түкті шашақпен жиектелген ересек бунақдене; соңғы буылтығы түтікше, ұзындығы 1,5-2 мм. Жұмыртқасы бозаң-қызыл сары, ұзынша – сопақ пішінді, ұзындығы 1,5-2 мм.
Дернәсілдері ұсақ, алғашында қызыл сары түсті, кейінірек киноварлы-қызыл түсті, ұзындығы 2,2мм-ге дейін жетеді.
Биялогиялық: ересек дернәсілдер жаздық және күздік бидайдың астығы оралған аңыздағы өсімдік тамырларының мандайында, топырақ қуыстарында, өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Топырақтың беткі қабаты +8С-ге дейін жылынғанда оянады. Дернәсілдердін аңызға орнасып, осында 1-2 апта ішінде қоректенбей, қозғалмай пронимфаға және нимфаға айналады.
Оңтүстікте ересек трипсілер сәуірдің оны мен мамырдың ортасына дейінгі уақытта пайда болады. Олардың ең көп саны күдік бидайдың масақтану мерзімінде байқалады. Бұл кезде трипісілер масаққа жабысқаны соншалықты, соның салдарынан масақтың түсі қара болып көрінеді. Содан сон трипсілер жаздық бидайға ұшып қонады. Күздік дәнді дақылдар егілмейтін солтүстік аймақта, жаздық бидайдың түтіктену масақтану кезеңінің бас кезінде, трипсілер жапай таралады. Бидайдың түтіктену масақтану дың бас кезінде бидай трипісінің ЭЗШ-ның көрсеткіш қаққышы 10 рет сермегенде 300 дарақтан, 1 сабақ басына 8-10бітеден; дәнің толысуы кезеңінде бір масаққа 45-50 дернәсілден келеді. Сондықтан трипісілер мен химиялық күресуді, бірінші кезекте, ерте және орташа мерзімдерде егілген жаздық жұмсақ бидай телімдеріне жоспарлаған жөн.
Кемелтаева Г.С.
ҚР АШМ АӨК МИК
«РФД және БӘО»
РММ аудандық филиалының
Агроном - Энтомолог