Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (18.07.2021)

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (18.07.2021)

2021 жылғы 18 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 126 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,69 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 30, Рудный қ. - 27, Арқалық қ. – 23, Жітіқара қаласы, Қостанай және Мендықара аудандарында 9 – дан, Әулиекөл ауданы – 7, Лисаков қаласы және Б.Майлин ауданында 5 – ден, Алтынсарин және Денисов аудандарында – 1.
85 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 35 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 6 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 80 адамда ауру белгілері болды, 46 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 18 шілде аралығында COVID-19-дың 18273 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны –16911.