Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (20.07.2021)

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (20.07.2021)

2021 жылғы 20 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 141 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,76% құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. - 25, Арқалық қ. – 28, Қостанай ауданы – 10, Жітіқара қ. – 8, Қарабалық және Б.Майлин аудандарында 6 – дан, Лисаков қ., Жангелді және Федоров аудандарында 4 - ден, Алтынсарин ауданы – 2, Амангелді ауданы – 1.
110 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 26 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 5 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 118 адамда ауру белгілері болды, 23 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 20 шілде аралығында COVID-19-дың 18547 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 17014.