Мемлекеттен қайтарымсыз қаражат!

Мемлекеттен қайтарымсыз қаражат!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Оны іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес құжаттарды қабылдау Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау күні мен уақыты 2021 жылғы 26 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.
Мемлекеттік қаражат (гранттар) алуға өтінімдерді қабылдауды және конкурстық іріктеуге дейінгі дайындық барысындағы жұмыстарды жүзеге асыратын «Жангелдин ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі.
Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі №4, 3 каб, тел: 8(71439)22014. Эл.адрес: pred.j@mail.ru .