Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (03.06.2021)

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (03.06.2021)

2021 жылғы 03 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 18, Рудный қ. - 7, Арқалық қ. – 4, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 2-ден, Жітіқара қ., Амангелді, Жангелді, Мендықара, Б.Майлин және Федоров ауданында 1-ден.
25 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 03 маусым аралығында COVID-19-дың 15867 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15030.